Версия для печати

1136 келі бауырсақ КИнЭС-тер кітабына тіркелді Избранное

Среда, 04 Октябрь 2017 03:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6801 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қала күні мерекесінде биыл ыстық бауырсақ, жеміс-жидектерден дайындалған карвингтер «Наурыз» алаңына жиналған шымкенттіктерді расында таңғалдырды.

Бұл күні алаңда ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, дастарханға қазақтың ұлттық тағамдары қойылды. Шымкент қаласы әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері күздің соңғы жиын-терімінен ерекше карвинг жасап, келушілердің назарын аударды. Бірі – қауын-қарбызды түрлі пішінде ойып, ерекше сәнге айналдырса, екіншілерінің қонаққа ұсынған жемістерінің туралуының өзі үлкен өнермен жасалған. 

DSC 3596

Карвинг байқауы өтіп жатқанда, «Алтын дән» компаниясының аспаздары ұлттық тағамымызды жаңғыртты. Таң азаннан 10 қазан отқа қойылып, аспаздар түске дейін 1136 келі бауырсақ пісіріп, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына тіркелді. 

Бұған дейін, көп мөлшерде бауырсақ пісіруді алғаш рет алматылықтар бастаған болатын. Олардың дайындаған бауырсағы 856 келіге жеткен. Бұдан кейінгі рекордты шымкенттіктер жаңғыртты.

17

Ұлттық тағамымызды ұлықтауға Шымкент қаласы әкімдігі мен «Алтын дән» компаниясы қолдау білдірген. 30 мың тұрғынға лайықталып пісірілген бауырсақ сол күні халыққа тегін таратылды. 

Рекорд орнатушыларға сертификатты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов табыстады.

16

Бұдан бөлек, «Наурыз» алаңында қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Ұлттық қиімдер, зергерлік бұйымдар, киізден дайындалған бұйымдарды тамашалаумен қатар, сатып алушылар қарасы көп болды. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, қалалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.