Версия для печати

«Наурыз» алаңын думанға бөлеген кеш Избранное

Среда, 04 Октябрь 2017 03:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4794 раз
Оцените материал
(0 голосов)

DSC 4748

Бір аптаға жуық тойланған қала күні мерекесі «Наурыз» алаңындағы гала-концертпен қорытындыланды. Еліміздің және ресейлік эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертті тамашалауға 20 мыңнан астам адам жиналып, керемет кештен көңілді әсер алып қайтты.

DSC 4847

Мерекелік думанда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кешке жиналғандарды қала күні мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

juldyzdar-1

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әрбір тұрғынның қосар үлесі мол. Мерекелік жиында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қсоқан бірқатар азаматқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров «Шымкент қаласының құрметті азаматы» төсбелгісін тапсырды. Мұндай марапатқа ие болғандар – еңбек ардагері Сембіғали Әлімбеков, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрмахан Жолдасов, облыстық мәслихаттың депутаты Саттар Қуашбаев, кәсіпкер Әбдіқаһар Пайзахметов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай және қоғам қайраткері Сатыбалды Ибрагимов. 

Бұдан соң мерекелік кеш көңілді гала-концертке ұласты. "Қызық TIMES" бағдарламасының форматында өткен думанды кеш қала тұрғындарының есінде ұзақ сақталары анық. «Наурыз» алаңын 5 сағатқа жуық думанға бөлеген кешті жүргізген Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин көрермен көңілін жауласа, Қарақат пен Қыдырәлі, Формат тобы, Абай Бегей, Бейбіт Құшқалиев, Ерке Есмахан, MBAND тобы (Ресей) және Қайрат Нұртас сынды эстрада жұлдыздары Шымкент халқына өз өнерлерін ұсынды. 

Кеш соңы мерекелік отшашулармен аяқталды. Сондай-ақ, думанды кешті көпшілік қала әкімдігінің ресми сайтынан және «Оңтүстік» телеарнасының эфирінен тікелей тамашалауға мүмкіндік алғанын айта кетейік.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.