Қала әкімі қоластындағы қызметкерлерге қызметтік көліктерді пайдалануға тыйым салды

Понедельник, 16 Октябрь 2017 12:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3141 раз
641651Бұл туралы бүгін шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен қоғамдық көлік проблемаларына байланысты өткен жиналыста белгілі болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
– Біз қозғалыс кестесі мен жол жүру ережесін сақтау, автобустардың лық толуын, жүргізушілер мен кондукторлардың дөрекілігін, салондардың тазалығы мәселесін бірнеше рет талқыладық... Әр талқылауда мені бұл мәселелер шешіледі деп сендіруімен болды, – деп бастады жиналысты қала әкімі.
 
Ғабидолла Әбдірахымов жағдай өзгермегенін, қалалық әкімдікке тұрғындардан қоғамдық көліктің жұмысына байланысты мыңдаған шағым түсетінін айтты. "Яғни, жағдайды бақылауда ұстап тұрған жоқпыз. Ендеше, басқаша әрекет ететін боламыз" - деді қала әкімі.
 
Қызметтік көлікті пайдалануға 1 ай мерзімге тыйым салынады. Өкім қала әкімі, оның орынбасарларына, бөлім басшылары мен аудан әкімдеріне, олардың орынбасарларына, сондай-ақ, коммуналды мекемелер мен ұйымдардың жетекшілері қатысты. Барлық қызметтік көлік қалалық әкімдіктің көлік тұрағына қойылады. Шаһар басшысы бұған қоса қалалық әкімдіктегі жиналыстар мен кездесулерді барынша азайтуды тапсырды.
 
Ғабидолла Әбдірахымов жолаушылар көлігі бөлімінің жетекшісі мен осы саланы бақылайтын орынбасарына осы салада тәртіп орнату үшін 8 апта уақыт берді. Осы уақыт ішінде қоғамдық көлік қозғалысы кестесінің сақталуы, автобустардың лық толуы, салондардың тазалығы мен жүргізуші-кондукторлардың мәдениеттілігі секілді мәселелер шешіліп, аялдамаларға ақпараттық бағыттауыштар орнатылуы тиіс.
Последнее изменение Понедельник, 16 Октябрь 2017 13:03
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.