Көшелерге жаңа атау беріледі Избранное

Среда, 22 Ноябрь 2017 05:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 65 раз

Шымкентте шағынаудандар мен көшелердің атауы өзгереді. Осыған орай, 24 қарашада көшелерге жаңа атау беру және өзгерту бойынша тұрғындар арасында қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Қазіргі таңда, Шымкентте атауы жоқ 400 көше бар. Бұл медициналық және өзге де қызмет көрсеткенде қиындық туғызатындықтан күрделі мәселені шешу бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Оның үстіне, қалада жаңадан қосылған жеке үйлер мен жаңа шағынаудандардың атауы қойылмаған. Билік бұл жағдайды 2020 жылға дейін шешу қажеттігін атап өтті.

Шағынаудандарға және көшелерге атау беру бойынша қоғамдық тыңдау Әл-Фараби аудандық әкімдігінде сағат 10.00-де басталады. 

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 49.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.