Бұл – еліміздегі сегізінші кабинет Избранное

Пятница, 19 Январь 2018 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 237 раз

Шымкент қаласында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Дамуында ауытқуы бар балаларды түзетумен айналысатын өңіріміздегі алғашқы мекеменің жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев орталықтың маңыздылығына тоқталды.

– Балалардың өмірін жақсартып, лайықты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін білікті мамандардың дер кезіндегі көмегі ауадай қажет. Сондықтан ерекше оқытуды қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына тиісті жәрдем көрсететін осындай орталық ашылып отыр. Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алады, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бұл орталық «Дара» қайырымдылық қоры, облыстық білім басқармасы, «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының қолдауымен ашылған еліміздегі сегізінші кабинет. Онда дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог сынды мамандар тегін қызмет көрсетеді. Түзету кабинеті жылына 150 балаға дейін қабылдай алады.

Өңір басшысы «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваға осы орталықтың құрылуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Г.Досаева мұндай орталықта дәріс алған балғындарда қатарға тез қосылып кететуіне мол мүмкіндік болатынын айтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ерекше білім беруді қажет ететін тоғыз мыңнан астам жеткіншек бар. Оның ішінде төрт мыңнан астам баланың мүмкіндігі шектеулі болса, 672 бала мектепке дейінгі дамуында ауытқуы бар балғындар санатына жатады. Енді оларға жаңа орталықтан толық көмек алуға мүмкіндік бар.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.