Версия для печати

Шымкент аязды күндерге дайын Избранное

Пятница, 26 Январь 2018 06:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2903 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте ауа райы күрт суытуы мүмкін. Синоптиктердің мәліметі бойынша, 26-29 қаңтар күндері өңірімізде сынап бағанасы – 18-20 градусқа дейін төмендемек. Осыған орай қаладағы барлық қызмет аязды күндерге дайындықты бастап кетті. Бұл туралы қалалық бірыңғай ақпарат орталығының жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова хабарлады.

 

Шымкент қаласы әкімдігі: 53-00-15;
Абай ауданы әкімдігі: 56-25-75;
Әл-Фараби ауданы әкімдігі: 54-58-46;
Еңбекші ауданы әкімдігі: 43-31-98;
Қаратау ауданы әкімдігі: 42-10-20.

«Құрметті шымкенттіктер! Метеорологтар 26-29 қаңтар күндері аралығында Шымкентте күн суытып, үскірік аяз орнайтынын ескертеді. Осыған байланысты қалалық әкімдік үскірік аяз орын алса, шымкенттіктер бір-біріне жылулық танытып, көшеде тоңып тұрған егде жастағы азаматтар мен балалардың, жалпы қала тұрғындарының жанынан елеусіз өтпейтініне сенім білдіреді» делінген хабарламада.

Осыған орай қалалық әкімдік қазіргі таңда аязға дайындық жұмыстарын пысықтауда. Барлық шұғыл қызметке ауа райының күрт суытатыны жөнінде хабарлама таратылды. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Қала және аудандық әкімдікте коммуналды сұрақтар бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Байланыс телефондары мынадай:

Мұнымен қатар «3-Энерго орталық» АҚ мен «Қуат жылу орталығы-3» мекемелерінің мамандары да күшейтілген жұмыс кестесіне ауысқан. Қалада газ және көмірден қызу алатын бес дербес қазандық істеп тұр. Бұған қоса жылу өндіретін орталықта қазіргі таңда 2 энергетикалық қазандық пен екі турбина жұмыс істеуде дейді мамандар.

«Қуат жылу орталығы-3» мекемесі мамандарының мәліметінше, шаһарда қазіргі таңда 8 бригада жасақталған. Олар шұғыл шақыртуларға дайын. Бұған қоса қалада 4 диспетчерлік қызмет пен шаһардың бас диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

Егер жылу жүйесінде ақау болса, 44-82-37, 44-81-39, 50-50-50, 44-82-36, 27-07-82 немесе
8-702-360-22-71 байланыс телефонына хабарласыңыз. Ал пәтеріңізде немесе жертөледе
құбырыңыз жарылып, жылу болмаса, қалалық диспетчер қызметіне 53-00-15, 545-545
нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.