Шымкентте төрт жаңа жол айрығы салынады. Қазіргі таңда құрылыс жобасы жасалуда.
– Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары төрт жол айрығын салуды жоспарлауда, – деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.
Бұл жол айрықтары Сайрам – Жібек жолы, Ұ. Арғынбеков – М.Х. Дулати көшелері және Т. Рысқұлов – Д. Қонаев даңғылы қиылысынан салынбақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Аяқталған соң құрылысқа қаржы бөліне бастайды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте бір ірі жол айрығы салынуда. Темірлан тасжолы мен Ахунбабаев көшесі қиылысындағы құрылыс 2017 жылдың шілдесінде басталған.