Версия для печати

Шымкентте төрт жол айрығы салынады Избранное

Среда, 07 Февраль 2018 03:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3254 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте төрт жаңа жол айрығы салынады. Қазіргі таңда құрылыс жобасы жасалуда.

zhol airyq2

– Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары төрт жол айрығын салуды жоспарлауда, – деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.

Бұл жол айрықтары Сайрам – Жібек жолы, Ұ. Арғынбеков – М.Х. Дулати көшелері және Т. Рысқұлов – Д. Қонаев даңғылы қиылысынан салынбақ. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Аяқталған соң құрылысқа қаржы бөліне бастайды.

zhol airyq

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте бір ірі жол айрығы салынуда. Темірлан тасжолы мен Ахунбабаев көшесі қиылысындағы құрылыс 2017 жылдың шілдесінде басталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.