Кәріз жүйесімен қамту жалғасуда

Пятница, 18 Май 2018 05:23 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 265 раз

Шымкентте жергілікті бес мыңнан астам үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.

Қазіргі таңда 2 нысанның құрылысы жүруде. Тоғыс елдімекені мен Қайтпас-2 шағынауданындағы кәріз жүйелерін ретке келтіру жұмыстарынан кейін 5192 абонент орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Соның нәтижесінде жергілікті тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 47,8%-ға жетпек.
Айта кетейік, шаһардағы жалғыз тазарту құрылғылары кешенінің қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрді құрайды. Ал қала әкімі жауапты мамандарға барлық жұмысты дер кезінде аяқтауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.