Версия для печати

«Таза қала!» акциясы басталды Избранное

Среда, 23 Май 2018 09:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2356 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполистің ауқымды жобасы – «Таза қала!» акциясы басталды. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жамалбек Шәріпбек мәлімдеді.

DSC 3686

Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі акция шаһар тазалығына бағытталған. Яғни, қала аумағындағы жеке және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелер, таза аудандардың арасынан үздігін 13 адамнан құралған комиссия мүшелері анықтайды. Жаз бойы жалғасатын ауқымды жобада тазалықпен қатар әр ауданнан «Ең үздік учаскелік инспектор» жүлдесі сарапқа салынады. Акцияға белсене қатысқан мектеп оқушылары да ескерусіз қалмайды дейді байқауды ұйымдастырушылар.
Байқауға өтінімдерді қаладағы 4 аудан әкімдігінде құрылған жұмысшы топқа 15 маусымға дейін өткізуге болады. Содан 1 қыркүйекке дейін жұмысшы топ әр 15 күн сайын сараптама жасау мақсатында байқауға қытысушы көшелер мен аулаларды аралайды.
Байқау жеңімпаздары қала күні қарсаңында марапатталмақ. Акцияның жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.