Версия для печати

«Жасыл қала» бағдарламасы қабылданды Избранное

Среда, 30 Май 2018 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3483 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл бағдарламаның мақсаты – қаланы көгалдандыру, агро-ауыл шаруашылығы белдеуін дамытып, сақтау және әлемдік мегаполистер тәжірибесі бойынша жаңа бау-саябақ мәдениетін құру.

DSC 1086

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Тимур Баймұханов жетекшілік еткен жобалаушы топқа түрлі саланың сарапшылары (сәулетшілер, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары, биологтар, агрономдар, бағбандар, гидротехниктер, экономистер мен студенттер) бар.
Құжатта Шымкенттің жасыл белдеуін қалыптастырудың, көшелерді көгалдандырып, саябақ аумақтарын дамытудың нақты жобалары ұсынылған. Бағдарлама авторларының айтуынша, мұндай жобаның қажеттілігі әлдеқашан пайда болған. Себебі облыс орталығы тұрғындарының саны жыл сайын артып келеді.
Нақты айтқанда қалаға кіреберіс аймақтарда тоғайлар, ауыл шаруашылығы жерлерінің маңында талдар алқабы құрылмақ. Бұған қоса қаладағы өзендердің бойынан гүлзарлар салынып, жүзімдіктер мен жеміс баулары бар көшелердің саны артады деп күтілуде. Сонымен қатар ұлттық үлгідегі этнографиялық гүлзарлар пайда болады.
Бағдарлама жасаушылар Шымкенттік символы – қызғалдақты да ұмытпаған. Нақты айтқанда бағдарламада көрсетілген мақсаттың бірі шаһарда қызғалдақ қорын құру.
«Бұл бағдарламаны құрудағы негізгі себептің бірі – қала экономикасы дамыған сайын ауаның, топырақ пен су көздерінің ластануы артты, қалдық су көбейді – делінген бағдарламада. – Техникалық және рекреациялық әсердің кесірінен қала маңындағы бағалы ландшафт құрып барады. Қала орталығы да табиғаттан алыстап барады. Осыған байланысты қоршаған ортаны сауықтыру қажеттігі туындады. Яғни, қалалық саябақтар мен жасыл белдеулер құрудың нәтижесінде экологиялық ахуалды жақсарту көзделіп отыр».
Мерзімі 2030 жылға дейін жоспарланып отырған «Жасыл қала» бағдарламасы республикалық және жергілікті бюджет қаржысымен, жеке инвестиция тартумен жүзеге асырылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.