ОҚО және Шымкент қаласының әкімдері қала тұрғындарына үндеу жолдады Избранное

Понедельник, 04 Июнь 2018 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2972 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

IMG 7098

Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Сіздерді осынау тарихи маңызды оқиғамен құттықтаймыз!
Жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары деген болатын.
Миллионер-қала – бұл әрдайым жаңа идеялар, жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар. Барлығы қаланың дамуына жаңа серпін береді. Шымкент бұл мәртебелі деңгейге ғасырлар бойы жетті.
Бізді алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Ең бастысы – бұл жаңалық Шымкент қаласын одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызып, әрбір қалалықтың өміріне жаңа серпін береді, оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл – сонымен қатар, біз үшін асқан жауапкершілік.
Астанада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлы форумында Елбасы болашақ миллионер-қалалардың қолында деген болатын. Мемлекет басшысы мұндай қалалар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс деп көрсетті.
Шымкент сондай қалаға айналады деп сенеміз. Себебі біздің қаламызда қонақжай, қайырымды, ең бастысы, еңбекқор халық тұрады. Біз бәріміз бірге Шымкентті Елбасы күткендей «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қалаға айналдырамыз деп сенеміз. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналады.
Шымкент қаласының тұрғындарын осынау тарихи сәтпен құттықтаймыз! Баршаңызға бақыт пен молшылық тілейміз!
Құрметпен,

Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімі Ж.ТҮЙМЕБАЕВ

Шымкент
қаласының әкімі Н.САУРАНБАЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.