Версия для печати

Шымкентте топырақ жолдар болмайды Избранное

Среда, 13 Июнь 2018 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2871 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте бұдан былай топырақ жолдар болмайды. Жүруге қауіпті әрі қолайсыз көшелердің барлығына тас төселеді.

Жол салу-2

Айта кетейік, Шымкенттегі жолдардың жалпы ұзындығы – 2882 шақырым. Соның 334 шақырымы жолсыз деуге болады. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы осы көшелердің тұрғындары қыста – саз-балшықпен, ал күн ыстықта шаң басқан жолмен жүруге мәжбүр болған еді. Енді биыл олардың талап-тілектері әкімнің назарынан тыс қалмады.
Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев халық алдындағы есебінде 2019 жылға дейін шаһарда топырақ жолдар қалмайды деп мәлімдеген болатын. Ондай жолдардың барлығына тас төсеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда аяқталып қалды. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде жалпы алаңы 1 миллион шаршы метр жолға тас төселді.
- Біз қала әкімдігінің тапсырмасын мерзімінде орындап шығамыз. Ал жұмыстың сапасын сарапшылардан бөлек көше төрағалары да бақылап отыр, - деді қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Абай Тұрханов.
Айта кетейік, көшелерге тас төсеу жұмыстары жоспарлы мерзімінен бұрын, шілде айында аяқталады деп күтілуде.

Последнее изменение Среда, 13 Июнь 2018 05:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.