Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! 3 шілде кешкі сағат 20:00-де Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт өтеді.
Кештің жұлдыздары - Қайрат Нұртас, Қуандық Рахым, Жейран тобы, «Алем бэнд» триосы. Бұған қоса «Блок бастер» шоу-балеті, «Минута славы» жобасының жеңімпаздары мен жергілікті жұлдыздар өнер көрсетеді.
Ал шілде айының 4-5-жұлдызында Әл-Фараби алаңында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырмақ. Қаланың орталық көшелері мен саябақтарда мерекеге байланысты тақырыптық мәтіндердің лозунгілері, баннерлер ілініп, безендіру жұмыстары жүргізіледі. Мереке күнінде қаланың шығармашылық ұжымдары тұрғындарға ән мен жырдан шашу шашпақ.
Ендеше, мерекені бірге атап өтейік!