Жолайырық салынады Избранное

Среда, 11 Июль 2018 04:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2260 раз

Шымкенттегі Астана даңғылының бойынан жаңа жолайырық салынады.

DSC 0245

Соның нәтижесінде қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын азайтуға болады деп есептейді мамандар. Болашақта ұзындығы 6 шақырымға жететін бұл көше Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай тұрғын алабын байланыстырады.
Қазіргі таңда Астана даңғылының бойы да көркейтілуде. Мұнда ұлттық үлгідегі шағын сәулет құрылымдары қойылып, жарық тартылған. Сахнасы бар үлкен гүлзар ашылып, шағын гүл алаңшалары егілген.
Бұған қоса, Шымкенттің бас жоспарына сәйкес, Нұрсәт-3 шағынауданының сай-саласында спорт және балалар алаңшалары мен демалыс саябақтары бой көтереді деп күтілуде.

Последнее изменение Среда, 25 Июль 2018 06:55
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.