Версия для печати

Әлеуметтік маңызды 3 бағытқа – жаңа көліктер Избранное

Среда, 25 Июль 2018 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3354 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте шалғайдағы елдімекендерге 11 шілдеден бастап жаңа автобустар қатынай бастады. Кесте бойынша аралық уақыты 15 минут қана. Жолақысы да қолжетімді – 70 теңге.

DSC 9623

Жуырда қалаға жаңа автобустар жеткізілген еді. Осы себепті әлеуметтік маңызды 3 бағытқа қоғамдық көліктер жолға шықты: № 147 бағыт – Ақтас, Ақжар және Нұрсәт шағынауданы бойынша, №141 бағыт – Қазығұрт шағынауданы – Мирас шағынауданы, №148 бағыт – Шапырашты, Өтеміс, Абдулабад шағынауданы – теміржол вокзалы бойынша жүреді.

Қоғамдық көлік таңғы сағат 7.00-ден жүре бастайды

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиевтің айтуынша, жалпы, 10 әлеуметтік маңызды бағыт белгіленген. Олар – №55, №141, №142, №143, №144, №146, №147, №148, №149 және №150 бағыттар. Нақтырақ айтсақ, №55 бағыт – Ынтымақ шағынауданы – Ордабасы алаңы, № 141 бағыт – Қазығұрт шағынауданы – Мирас шағынауданы, №142 бағыт – Текесу шағынауданы – теміржол вокзалы, №143 бағыт – Бадам 2 шағынауданы – жабық базар, №144 бағыт – Айнатас шағынауданы – теміржол вокзалы, №146 бағыт – Жаңаталап шағынауданы – Көркем гимнастика мектебі, №147 бағыт – Ақжар, Ақтас шағынаудандары – Көркем гимнастика мектебі, №148 бағыт – Өтеміс, Шапырашты, Абдулабад шағынаудандары – теміржол вокзалы, №149 бағыт – Достық 2 шағынауданы – Айна-базар және № 150 бағытты – қалалық балалар ауруханасы – теміржол вокзалы бойынша жүргізуге шешім қабылданған.
Қалада шалғай жатқан және жолаушылар ағымы төмен шағынаудандардың тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі. Қалаға жаңадан қосылған 40 елдімекенге де жаңа автобустарды жүргізу міндеті тұр. Әрине, бұл бағыттардағы тасымалдаушылар нақты кірісі мен шығынын көрсеткен жағдайда оларға бюджеттен субсидия беріледі. Сол себепті бұл бағытқа көлік жүргізуге инвесторлар тарапынан қызығушылық басым.

300 автобус қашан жеткізіледі?

Таяуда әкелінген жаңа автобустардың бірқатары қаланың орталық көшелеріне, бірқатары шалғайдағы елдімекендерге қатынауда. Жаңа көліктер № 74 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетіп жатқанын бұған дейін жазған едік.
– Компания басшыларымен өзара келісім түзілген. Жаңа көліктерді негізінен орталық көшелерге жібердік. Бірқатары шалғай елдімекендерде жүреді. Жалпы, 2015 жылы келген жаңа көліктерді де солардың қатарына қостық. Шалғай елдімекендерде жолаушылар ағыны сәл төмендеу. Қалған жаңа автобустар жылдың соңына дейін келеді деп жоспарланған. Жалпы, Үкіметтің бағдарламасына сәйкес, қалаға биыл 300 автобус әкелу де жоспарда тұр. Бұл бағытта мемлекеттік мекеме – бірыңғай ортақ оператор құрылады. Яғни, бюджеттен қаржы бөлініп, оған автобус сатып алынады. Ол автобустарды тасымалдаушыларға жалға беретін боламыз. Қазір тасымалдаушылар үшін жаңа автобус алу қиындау. Өйткені, баға қымбат. Тарифті көтеруге де мүмкіндік жоқ. Мұндай мәселе барлық өңірде бар. Сол себепті Үкіметтен жол картасы дайындалды. Бағдарлама бекітілсе, осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Жол картасының тағы бір тиімді тұсы – сатып алынатын автобустар отандық өндірушілерге тиесілі болуы керек, – дейді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев.
Жалпы, әлеуметтік бағыт бойынша конкурс жарияланған. Оған кез келген тасымалдаушы қатысуына мүмкіндігі бар.
Айта кететіні, бүгінде «Газель» көліктері де автобустарға ауыстырылуда. Бөлім мамандарының айтуынша, биыл № 38 бағыттағы тасымалдаушы көліктерін автобусқа ауыстыруда. Сондай-ақ, №125 бағыттағы көлік иесі де осы мақсатта жұмыс атқаруды қолға алмақ.

Последнее изменение Среда, 25 Июль 2018 06:08
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.