«Нұр Отанда» – ауыс-түйіс Избранное

Среда, 08 Август 2018 04:20 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 113 раз

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске қала әкімі, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы төрағалық етіп, жүргізді.

Nur Otan 4

Жиынның күн тәртібіндегі мәселе «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасарларын тағайындау болатын. Партияның қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы тағайындалды.
Бахадыр Мәдәліұлы - 1972 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы училищеде оқытушы болып бастаған.
2001 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, ОҚО ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жұмыс істеген. 2004 жылы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінде, 2006 жылы Президент Әкімшілігінде ішкі саясат басқармасында қызмет атқарды.
2006-2008 жылдары - облыстық ішкі саясат департаментінің директоры лауазымын атқарды.
2009 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз хатшылығының ұйымдастыру секторының меңгерушісі;
2010 жылы - Дін істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары;
2010-2015 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарында істеді.
2015 жылдың қазан айынан бүгінге дейін «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша газ тасымалдау басқармасының директоры қызметін атқарып келді.
Сонымен қатар партияның қалалық филиалының Саяси кеңесі Бюросының ұсынысымен, Партия төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың бұйрығына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы тағайындалды.
Бекайдар Мұсаұлы 1962 жылы Шымкент қаласында туған. Білімі - жоғары. Еңбек жолын 1979 жылы Кентау байыту фабрикасында жұмысшы болып бастаған. 
Шымкент автопаркінде, «ЮжКазЭнерго» бірлестігінде инженер, коммерция бөлімінің бастығы болған. Кейіннен «Энергоорталық-3» акционерлік қоғамында бас директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2006 жылдан бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.Партия филиалының төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов жаңа орынбасарларының жұмыстарына сәттілік тіледі.

Арман СӘДУӘЛІ

Последнее изменение Среда, 08 Август 2018 10:53
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.