Зообаққа кіру билеті арзандады Избранное

Среда, 22 Август 2018 03:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 5251 раз

Шымкент мемлекеттік зоологиялық бағына кіру билетінің бағасы төмендеді. Қала әкімінің қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады. Осылайша енді зообаққа кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр. Бұрын бұл баға тиісінше 500 және 250 теңге болатын.

zoo 1

Осылайша енді зообаққа кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр. Бұрын бұл баға тиісінше 500 және 250 теңге болатын. Айта кетейік, Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық бақтардың бірі. 1980 жылы құрылған. Зообақтың мақсаты — сирек кездесетін және жойылып жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту. Құрылған кезде зообақта 75 түрлі аң болса, бүгінде 249 түрлі 2 500-ге жуық жан-жануарға жеткен.Зообақтың жалпы аумағы 29 гектарды құрайды. Оның 19 гектары түрлі экспозицияға арналған. Шымкент зообағы ЕАРАЗА-ның мүшесі (Еуразиялық аквариумдер мен зообақтар ассосациясы). Енді Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай 2020 жылы жануарлар түрін 1000-ға және келушілер санын бір миллонға жеткізу жоспарлануда.

Последнее изменение Среда, 22 Август 2018 04:19
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.