Шымкент қаласының әкімдігі жаңа қонысқа көшті Избранное

Среда, 05 Сентябрь 2018 04:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4577 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты жаңа қонысқа көшті.

DSC 2317

Әкімдік қызметкерлері мен алғашқы басқармалар Нұрсәт шағынауданындағы әкімшілік-іскерлік орталығына қоныс аударып отыр. Еске сала кетсек, бұған дейін 16 қабатты ғимаратта Түркістан облысының әкімдігі орналасқан-ды.
Әкімдік және басқарма қызметкерлері тамыз айының соңындағы 4 күндік демалысты пайдаланып, жаңа қонысқа көшкен. Әзірге мұнда қалалық 13 басқармаға қарасты 300 қызметкер орналасты. Нақты айтқанда:
- Шымкент қаласы әкімінің аппараты;
- Шымкент қаласы мәслихатының аппараты;
- Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
- Қаржы басқармасы;
- Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы;
- Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы;
- Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы;
- Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
- Құрылыс басқармасы;
- Мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау басқармасы;
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы;
- Ішкі саясат және дін істері басқармасы;
- Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы;
- Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма.
Ал бұрынғы орнында қалған басқармалар қатарында қалалық білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, тұрғын үй және коммуналды шаруашылық басқармасы, спорт басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік қорғау басқармасы бар. Алдағы уақытта тағы да өзгерістер болуы мүмкін.
Еске салайық, 2018 жылдың 19 маусымында
Мемлекет басшысы
Н.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Түркістан облысы құрылып, оның орталығы Түркістан шаһарына ауысты, ал Шымкентке республикалық қала дәрежесі берілді. Ал 15 тамыздан бастап Түркістан облысы әкімдігінің қызметкерлері Түркістан қаласына көшуді бастады.

Последнее изменение Среда, 05 Сентябрь 2018 04:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.