Қысқа дайындық қарқынды жүруде Избранное

Пятница, 21 Сентябрь 2018 04:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2761 раз

Шымкенттегі жол жағасындағы жасыл желектерді күз бен  қыс маусымына  дайындау науқаны жүріп жатыр. Қазір мегаполистің коммуналдық мекемелері қала ішіндегі шыршалар мен ағаштардың артық бұтақтарын кесіп, сәнін келтіріп жатыр

Қысқа дайындық фото

«ЛТД Тұрмыс» мекемесіндегілер бірінші кезекте Темірлан тас жолы мен Бәйдібек би даңғылының бойындағы ағаштарды ретке келтіріп қойды.
–Біз бүгінде Темірлан тас жолы мен Бәйдібек би даңғылындағы ағаштарды ретке келтіру жұмыстарын аяқтадық.
Сонымен бірге Гиперхаус сауда орталығы айналасындағы 400 ге жақын жасыл желекті кесіп, қысқа дайындадық. Артық бұтақтарынан арылған шыршалардың ажары кіріп қалды, – дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС маманы Әсет Спатаев.
Бәйдібек би көшесіндегі жұмыстарды ақтаған тазалық мекемесіндегілер енді Бауыржан Момышұлы даңғылының бойындағы талдарды ретке келтірмек. Қысқа дайындық шаруаларына 15 қызметкер мен 4 арнайы техниканың күші тартылды.