Версия для печати

«Сергек» бақылап тұр, сергек бол, жүргізуші! Избранное

Пятница, 28 Сентябрь 2018 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2890 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Аппаратты-бағдарламалық кешен үшінші мегаполисте пилоттық режимде орнатылуда. Жоба 29 тамызда Шымкентте өткен Shymkent Digital Day қорытындысы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

IMG-20180925-WA0124

Алғашқы «Сергек» кешені Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысында орнатылды. Әзірге камералар пилотты режимде жұмыс жасайды: тек жол ережесін бұзушылықтарды анықтауда.
Жалпы «Сергек» камерасы келесідей ереже бұзушылықтарды анықтайды: жылдамдықты асыру; қызыл сызыққа өту; тыйым салынған жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытқа жүруге арналған жағына шығу.
Аппаратты-бағдарламалық кешенді қаладағы 35 жол қиылысында орналастыру жоспарлануда, жалпы 160 бейнекамера орнатылмақ.
Айта кетейік, «Сергек» камерасы Астана қаласында орнатылған-ды. Бейнекамера арқасында жол-көлік оқиғалары азайған. Өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 8 айында жол-көлік оқиғаларының саны 22%-ға, жарақаттанушылар саны 21 %-ға, ал жол-көлік оқиғасынан қаза болушылар саны 50%-ға төмендеген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.