№65 бағытқа – жаңа автобус Избранное

Пятница, 28 Сентябрь 2018 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2932 раз

Шымкент шаһарында қоғамдық көлік мәселесі шешімін табуда. Жақында «Санжар Моторс» ЖШС №65 бағытында қызмет қызмет көрсететін 9 жаңа автобусты енгізді.

 DSC6805

Тассай елді мекенінен қала орталығына дейін қатынайтын 65 бағытындағы қоғамдық көліктің ескі әрі көлемінің кішілігіне байланысты тұрғындар тарапынан қала әкімдігіне наразылық білдірген болатын. Мәселені шешу мақсатында "Санжар моторс" ЖШС-і 9 жаңа көлік сатып алды. Бұрынғыға қарағанда бұл автобустың көлемі де үлкенірек.
– Енді Шымкент республикалық маңызы бар дербес қала. Сондықтан жолаушыларды тасымалдайтын компанияларға қала ішінде жүретін автобустарды жаңартуды тапсырған болатынбыз. Олар талапты орындаса, біз заңға сәйкес келісім шартты тағы он жылға ұзартып, кәсібінің алға басуына қол көмек көрсетуге дайынбыз, – дейді Шымкент қаласы көлік және автомабильдер басқармасының басшысы Қ. Жұматаев.
Тасымалдаушылардың мәлімдеуінше, енді 65 бағытта 18 автобус қызмет көрсетеді.

Последнее изменение Пятница, 28 Сентябрь 2018 05:07