Шымкенттің кофесі өзге қалаларға экспортталуда Избранное

Пятница, 28 Сентябрь 2018 05:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3391 раз

Әлемде шаймен қатар, ең танымал сусындардың бірі – ол кофе. Қазір көбіне жылдам тағамдар мен өнімдер, әсіресе «3-уі 1-нде» кофесі үлкен сұранысқа ие болып отыр. Еліміздің жаңа мегаполисі – Шымкент шаһарында да кофе өндірісі қарқынды дамуда.

1

13 жылға жуық түріктің кофе мен шай өндірісі фирмасында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Олимжан Убайдуллаев өз ісін бастау үшін белді бекем буады. Осыған ұқсас өнімдерді шығару мақсатында ол «Даму» қорының Шымкенттегі Кәсіпкерлікті қолдау орталығының көмегіне жүгінеді.
– «3-уі 1-уінде» кофесінің құрамы 3 компоненттен тұрады, ол ұнтақталған кофе, құрғақ сүт және қант, деп ойлайтынымыз анық, алайда бұл негізгі 3 компоненттен бөлек кофенің 5-7 компоненті бар, соның арқасында кофе бәрімізге белгілі керемет дәмге ие, – дейді кәсіпкер.
Сондықтан, кәсіпкер шикізат таңдауына мұқият көңіл бөлді, кофе экспорттаушы көптеген елдердің тәжірибесін зерделеп, Индонезияның шикізатын таңдады, себебі бұл елде тиісті Халал сертификаттары бар көрінеді.
Кәсіпкер «Ордабасы» индустриалды аймағынан орын жалға алып, түркиялық Қаптау техникасын сатып алды, қызметкерлерді жұмысқа алып өз өндірісін бастап кетті. Бұл өндірісте 1 айда 5 тонна өнім немесе 200 мың дана қапшықтар «3-уі 1-нде» кофесін өндіреді. Өнімдер оңтүстік өңірлердегі Шымкент, Алматы, Қызылорда және Тараз қалаларына экспортталады.
Кәсіптің көзін тапқан О.Убайдуллаев Шымкент қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 пайыздық жеңілдетілген несие туралы ақпарат алып, осы бағдарлама аясында өндіріс көлемін ұлғайтуға шешім қабылдаған. Осылайша, 2018 жылдың сәуірінде айналым қаражатын толықтыру үшін 18 млн теңге несиені «Сбербанк России» АҚ-ның ЕБ-і мақұлдапты.
Несие қаражатын алғаннан кейін компания шикізатты сатып алып, өнім көлемін 2 есе ұлғайтты, қазіргі таңда айына 10 мың тонна «3-уі 1-нде» кофесі өндіріледі. Партияның алғашқы жөнелтілімі Қарағанды қаласында жасалды. Кәсіпкер алдағы уақытта өнімдердің көлемін ұлғайту, клиенттердің санын кеңейу, сондай-ақ шай өндіруге арналған жаңа өндіріс түрін іске қосуды жоспарлап отыр.
Ғалымдардың айтуынша, кофені жиі ішетіндердің бауыры мен жүрек-қан тамырлары әлдеқайда таза әрі ағзадағы қабыну белгілері сирек кездеседі. Аталмыш сусын ас қорыту жүйесі ауруларымен қоса, өзге де себептерден қайтыс болу қаупін төмендетеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.