«3-Энергоорталық» жылыту маусымына дайын Избранное

Пятница, 19 Октябрь 2018 03:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2667 раз

«Қыстың қаһарына дайынбыз!» Шымкеттегі «3-Энергоорталық» АҚ өкілдері осылай дейді. Қаладағы жылу және электр энергиясын өндіретін кәсіпорында баспасөз туры өтті. Онда энергетиктер БАҚ өкілдерін жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Энергопоток 4

Бұған қоса мекемедегі инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы да көрсетілді. Евразиялық топ құрамына кіретін энергоорталық басшылығының айтуынша, инвестициялық жұмыстар Елбасының тапсырмаларына сай атқарылуда. Осыған орай ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шымкент қалалық департаменті тарапынан «3-Энергоорталық» АҚ-ның 2016-2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Соған сәйкес қондырғыларды жаңарту және жөндеу жұмыстарына 673 млн теңгеден аса қаржы қаралған. Оның ішінде 2018 жылы 143 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.
– Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында коммуналды қызмет саласындағы маңызды міндеттерді айқындады, - деді «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры Жақып
Хайрушев. – Президент «Тариф белгілеу мен тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы ашық болуы керек» деді, біз мұнымен толық келісеміз. Инвестициялық қаржы қайда жұмсалғанын және қандай тапсырмаларды шешуге бағытталғаны, қандай нәтижелерге қол жеткізгеніміз туралы тұтынушыларды хабардар етеміз.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.