Қақпа жаңартылды Избранное

Среда, 31 Октябрь 2018 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2961 раз

Шымкент қаласына Ташкент бағытынан кіретін қақпа жаңартылды. Шаһардың кілт бейнесіндегі қақпасының сәулеттік кескіндемесі өзгеріссіз қалды. Тек гранит тастармен безендіріліп, қақпа төріндегі облыс атауы Шымкент қаласына ауыстырылды.

12

 

Еске салайық, ескірген кескіндемені жөндеу жұмыстары 12 қыркүйекте басталған болатын. «Мрамор Гранит Тас» ЖШС жұмысты жоспарлы мерзімде тапсырып отыр. Қалалық әкімдік өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін енді бұл аймақта саябақ бой көтермек.

Последнее изменение Среда, 31 Октябрь 2018 11:47
Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.