5 жол қиылысына – оң жақ өткелдер Избранное

Среда, 31 Октябрь 2018 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2980 раз

Жол кептелісін болдырмаудың бір әдісі – оң жақ өткелдер. Биыл Шымкенттегі бес жол қиылысында бес оң жақ өткел салынады. Олар: Шаяхметов - Арғынбеков, Бәйтереков – Арғынбеков, Желтоқсан – Момышұлы, Рысқұлбеков – Іляев және Өтегенов – Арғынбеков көшелерінің қиылыстары. Бұл жұмыстар аяқталған соң оңға бұрылатын автокөлік иелері бағдаршамның жасыл түсін күтпестен қозғалысты жалғастыра алады.

23

 

Сонымен қатар Әл-Фараби алаңы мен Момышұлы көшесінің қиылысында да оң жақ бұрылыс салу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұған дейін салынған оң жақ өткелдер көлік кептелісін азайтуда септігін тигізуде.
– Біз көшелердегі көлік қозғалысын зерделеп, қозғалысы жиі көше қиылыстарын анықтадық. Қазіргі таңда сол қиылыстарда құрылыс басталады, - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов.
Бұған қоса қаладағы Астана даңғылы мен Арғынбеков көшесін байланыстыратын атауы жоқ көшенің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Бәйдібек би даңғылы, Бәйтереков және Шаяхметов көшелеріндегі көлік ағыны едәуір төмендеп отыр. Ұзындығы 2 шақырым жолдан тұрғын алапқа қарай көліктер кептеліссіз өтуде.
– Бұған дейін барлық көлік ағыны Сайрам, Абдулабад және Төле би ауданының тұрғын алабына Шаңырақ шағынауданы арқылы өтетін. Құрылыс аяқталғаннан кейін көлік ағыны төмендеп, көліктер шағынауданға кірмей, тасжолмен жүруде. Енді тұрғындардың және балалардың қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ, - деп қосты Абай Тұрханов.

Последнее изменение Среда, 31 Октябрь 2018 11:44
Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.