49 аула, 6 спорт алаңшасы жаңа кейіпке енді Избранное

Пятница, 09 Ноябрь 2018 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3179 раз

Шымкентте аулаларды абаттандыруға 856,6 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға шаһардағы 49 аула жөнделмек. Қалалық әкімдік, сондай-ақ, 66,9 млн теңгені 6 спорт алаңшасын жаңартуға бөледі. Аталған жұмыстар Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында қолға алынып отыр.

62

 

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда қолданыстағы, әсіресе, мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажеттігін атап өткен болатын. Бұл бағытта Шымшаһарда 171 ауланы абаттандыру үшін сметалық құжаттама әзірленіп, тұрғын үйлерде абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Мәселен, Әл-Фараби ауданы бойынша бұған дейін көпқабатты 672 үй 400 аулаға біріктірілген. Биылғы 1 қаңтарға дейін көпқабатты 217 үйдің ауласы (51,2%) абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған.
Сондай-ақ, көпқабатты 183 үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату қажет. Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін негізге алып бүгінгі таңға дейін абаттандырылмаған көпқабатты 15 үйдің аулаларын ретке келтіру жоспарлануда. Оған сәйкес балалар ойын элементтері сығымдалған резеңке жабыны төселген және биіктетілген алаңшаға орнатылады.
Ал Абай ауданында қомақты қаржы балалар алаңшасының құрылысына бөлінеді. Мамандар құрылысты балаларға қауіпсіз болатын материалдардан және түрік жобасы негізінде жүргізбек. Абай ауданы әкімдігі бұл мәселені шешуге кешенді түрде кірісіп, алдымен аудан дамуының тұжырымдамасын дайындауды көздеп отыр. Қаратау мен Еңбекші аудандарының әкімдіктері де негізгі қаржыны абаттандыруға жұмсауды жоспарлауда. Биыл Қаратау ауданы бойынша - 14, Еңбекші ауданында 13 аула абаттандырылмақ. Қосымша 3 спорт алаңшасы салынады деп күтілуде.

Последнее изменение Пятница, 09 Ноябрь 2018 09:59