3000 экобокс қойылады Избранное

Пятница, 09 Ноябрь 2018 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2712 раз

Үшінші мегаполистегі мекемелерден шығатын қағаз қалдықтары енді қайта өңдеуден өтеді. Жас кәсіпкерлердің бастамасымен қалада экобокстар орнатылуда. Осылайша, орташа есеппен алғанда ай сайын 60-70 тонна қағаз қайта өңделеді деп күтілуде.

68

 

«Қағазға екінші өмір сыйла!». Бұл - шаһар тұрғындарының экологиялық сауаттылығын көтеруге бағытталған жобаның бастамасы. Бүгінде экологиялық қоқыс жинауға арналған 500 қорап денсаулық сақтау, білім басқармаларына қарасты мекмелер мен 35 мектепке қойылған.

– Жүз келі макулатура бір ағаштың кесілмеуіне себеп болады. Экобоксқа жиналған қағазды айына бір рет алмастырып отырамыз. Келер жылы қаладағы саябақтар мен адам көп шоғырланатын орындарға қоқысты сұрыптап тастайтын арнайы жәшіктер орнатамыз. Көктемде көгалдандыру бойынша ағаш отырғызу жоспарда тұр. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға дайынбыз, - дейді жас кәсіпкер Бақытжан Сансызбай.

Последнее изменение Пятница, 09 Ноябрь 2018 09:59
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.