«Doing Business» рейтингімен бизнесті дамыту

Среда, 14 Ноябрь 2018 10:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2233 раз

Ел болып, етек жеңін жинап, болашақтың сара жолына түсіп бой түзеп, Елбасының еңселі көрегенділікпен жоспарланған елеулі саясатының, жалынды Жолдауына негіз болған мақсат мүдделеріне сай, Қазақстан  көркейіп  өсіп, экономикалық, әлеуметтік  хал  аһуалы адымдап  алға  шықандығы баршаға  мәлім. Ел экономикасының  дамуындағы елеулі  көрсеткіштерді саралап, баға беретін, одан әрі ілгерілеуіне ықпал жасап екпіндететін әлемдік аренада беделді рейтингтердің бірегейі - «Doing Business» рейтингі.  Қазақстаннның осы  сарапталудан өтуінің  белді себептерінің бірі - қай саланың кем тұстарының дамытуда  көрсетілетін  қызмет түрінің сұрыпталуында, екіншіден, инвесторларды тарту мақсатында қолайлы  жағдай  туғызу себептерін  анықтауда қолайлы, өйткені кез-келген инвестор қаржы құймас бұрын құқықтарының қаншалықты қорғалатындығын, елдегі бизнестің дамуына жасалған қолдау, жеңілдіктерді, талаптарды анықтап барып іске кірісері белгілі.

          Осы ретте Қазақстан Республикасының аталған рейтингке қатысуы  арқылы бизнестің дамуына  қолдау  жасау  мақсатында қоланыстағы  бірқатар  заңнамларға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Айталық, бизнесті тіркеу мәселесі бойынша келесі өзгерістер мен  жеңілдіктер  қарасытырылған:

Кәсіпорын  ашу  мақсатымен мемлекеттік  тіркеуден  өту   электронды үкімет порталы арқылы электронды нұсқада әділет органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз 1 сағат ішінде жүргізіледі;

Тіркеу барысында жарғы және тұрған орнын растайтын құжат ұсынылмайды;

Куәлік порталда кез-келген уақытта, кез-келген данада басып шығаруға болатын анықтамамен алмастырылған;

Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеу мен таратуды тіркеу   алымсыз жүргізіледі;

Бизнестің мөрі міндетті түрде болу керек деген заң талабы жойылды;

Бизнестің бастапқы жарғылық капиталы нөлмен теңестірілді;

Орта кәсіпкерлік субъектісі құрылтайшыларының арасындағы құрылтай шарт нотариалды куәландыру туралы заң талабы жойылды.

Демек, Әділет министрлігі тарапынан  бизнесті тіркеуде және қызметін кедергісіз бастауда  көрсетіліп  жатқан  жеңілдіктер  мен  қолдауда,  азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің уақыты мен қаражатын үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай ақ, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бизнесте жол  ашу  арқылы  еліміздің экономикасын қарқындату көзделген. Келешекте де, қолданыстағы  заңнамаларға бизнесті қолдау және одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер  мен  толықтырулар енгізу  мәселелері  талқыланып  қарастырылуда.

 

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық

әділет басқармасының бөлім басшысы

Перизат Ермаханқызы

«Қазақстан Заңгерлер Одағы»

РҚБ-ң ОҚО филиалының мүшесі

Последнее изменение Среда, 14 Ноябрь 2018 10:54
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.