Балалар алаңшалары көбейеді Избранное

Среда, 21 Ноябрь 2018 05:02 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2483 раз

Абай ауданында ойын алаңшалары көбейіп келеді. Аудан әкімдігі тарапынан 15 спорт алаңшасын салуға жобалық-сметалық құжат дайындалып, бүгінге дейін 3 спорт алаңшасын салуға бюджеттен қаржы бөлінген.

105

 

Қазіргі таңда «ҚазақСтройЖол» ЖШС мердігер компаниясы Ә.Молдағұлова көшесіндегі №44 үй мен Кремль көшесіндегі №11 көпқабатты үйдің аулаларында құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Тағы бір алаңша Қатынкөпір шағын ауданындағы Теміртау көшесінде бой көтереді.
– Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын жүргізу мақсатында 49 аулаға жобалық-сметалық құжат дайындалып, биыл соның ішінде 10 аулаға бюджеттен қаржы қарастырылады, - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан
Тілеш.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Последнее изменение Среда, 21 Ноябрь 2018 08:09