135 техника қар тазалауға дайын Избранное

Среда, 21 Ноябрь 2018 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3065 раз

Биылғы қыста мегаполис көшелерін қардан тазалауға 1000-ға жуық адам жұмылдырылады. Сонымен бірге 135 техника жолдағы қарды күреуге дайын.

106

 

Таяу күндері Шымкент қаласының знергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы тағы 20 арнайы техниканы сатып алуды жоспарлап отыр. Алдағы маусымға дайындықты шегелеген жауапты мамандар қаһарлы қыстың кез келген жағдайына дайын екенін жеткізді.
– Қысқа дайындықты қазірден пысықтап жатырмыз. Қаладағы көшелер саны артқандықтан, сәйкесінше тазалыққа жауапты қызметкерлердің қатары да көбейді, - дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасының орынбасары Сұлтан Түзелов. – Биыл шаһар тазалағына жауапты 4 мекеменің жұмыс ауқымы жылдағыдан қарағанда айтарлықтай артты. Мәселен былтыр коммуналды қызметкерлер қыс кезінде 19 бағыттағы көшелердегі қарды тазаласа, биыл біраз көшелерге асфальт төселгендіктен, тағы 6 бағыт қосылып отыр.

Последнее изменение Среда, 21 Ноябрь 2018 08:09