Версия для печати

«Шымкент Ситидің» құрылысына Оңтүстік Корея атсалысады

Среда, 28 Ноябрь 2018 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3600 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Оңтүстіккореялық компания Шымкент шаһарының 6 гектар ауданында үйлер салатын болды.
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Сеулге жасаған сапары барысында осындай келісімге қол жеткізді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

 

Жер сілкінісіне мейлінше төтеп беретін ғимараттар салуда кореялықтардың тәжірибесі мол. Оңтүстік Корея мен біздің аймақтың географиялық орны һәм табиғаты ұқсас. Таңғы самал елінде жер сілкінісі жиі болады. Шымкенте де жер дүмпуі 8 балға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан ірі мегаполисте жаңадан салынып жатқан әрбір ғимарат табиғаттың тосын мінезіне төтеп беруі тиіс. Бұл бағытта кореялықтардың тәжірибесі мол. Қазақстандық делегация осы мақсатпен Оңтүстік Кореяға арнайы барып, құрылыстағы соңғы технологиялардың қыр-сырын меңгерді.
Сапар барысында
Шымкент қаласының әкімi оңтүстіккореялық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті. Бұл компания Астана қаласында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
– Кореялық әріптестеріміз он жылдың ішінде 130 миллиард теңге инвестиция саламыз деп отыр. Біз үшін бұл – өте үлкен инвестиция. Сондықтан келесі жылы бұл жобаны бастаймыз, - деді қала әкімі
Ғабидолла Әбдірахымов.
Шымкенттік делегация Сеул қаласының мегаполистерді басқару тәжірибесін де зерттеді. Мұндағы камералар 40 шақырым жерде орналасқан нысандарды көруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның үшінші мегаполисінде жақын арада осындай 50 мыңнан астам камера орнату жоспарда бар.
Сондай-ақ Сеулдегі Чонгечон аймағының тәжірибесі де қазақстандықтарды қызықтырды. Он үш жыл бұрын мұнда жол болатын. Қазір оның орнына ұзындығы 19 шақырым жасанды бұлақ салынды. Содан бері Чонгечон Корея астанасының көрнекті орнына айналды. Сондықтан бірнеше жылдан кейін Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің көрінісі дәл сондай болуы мүмкін.
– Шымкенттің сан ғасырлық тарихы бар. Басқа өңірлермен салыстырғанда, оның ауа райы жылы, тартымды ортаны байқадым. Бұл таза және мейірімді қала, бірақ оны қазіргі заманға сай етуге болады. Біз Шымкенттің дамуына және жаңартылуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қос тарап тағы бір келісім бекітті. Жасалған уағдаластыққа сәйкес, Кореның құрылыс технологиялары институты Шымкентке келіп, өңірдің табиғи ахуалын зерттейтін болды. Кейін Қазақстанның үшінші мегаполисінде жаңа әрі сапалы ғимараттар салуға атсалысады, – деді Корея құрылыс компаниясының президенті Ко Донг Хюн.

Рашид АЮПОВ, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:
– Енді Шымкентте 2019 жылдан бастап, жыл сайын 320 мың шаршы метр үй салсақ деген жоспарымыз бар. Оның ішінде төрт жобамыз – биік үйлер, жиырма қабаттан отыз төрт қабатқа дейін. Әрине, осындай тәжірибесі бар Оңтүстік Корея сияқты елмен тәжірибе алмассақ, оның берері мол.