Жаңарған аула, қуанған бала Избранное

Среда, 05 Декабрь 2018 08:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 65 раз

Шымкенттегі Бейбітшілік көшесі, №6 тұрғын үйдің ауласы жаңарып, соңғы үлгідегі ойын алаңшасымен толықты. 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен салтанатқа жергілікті тұрғындар мен Әл-Фараби ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Ауланың ең кішкентай тұрғындары аниматорлармен ойын ойнап, сыйлықтар алды. Ал аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов жергілікті тұрғындарды құттықтады.

170

 

– Осы ауламен бірге 22 ауланы абаттандыруға, балалар ойын алаңшасын құрып, бұқаралық спортты дамытуға арналған спорттық элементтерді орнату үшін бюджеттен 277 млн теңге бөлінген. Ол аулалардың барлығында қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы айтулы мерекелер қарсаңында толықтай пайдалануға беріледі, - деді әкім.
Жаңарған аулада тұрғындар демалып, әңгіме-дүкен құруға қолайлы орындықтармен бірге балалардың ойын кешені, түрлі әткеншектер мен спорттық жаттығу құралдары орнатылған.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.