Елбасы Шымкентте телекөпір арқылы трансформатор зауытын ашты Избранное

Среда, 12 Декабрь 2018 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2263 раз

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» жалпы ұлттық телекөпір өтті. Телекөпір барысында бірнеше кәсіпорын ашылды. Соның бірі – Шымкент қаласында қуаттылығы 220, 500 КВ болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауыт іске қосылды.

NAN-1

«Asia Trafo» инновациялық кәсіпорны «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан. Мұндай кең көлемдегі трансформатор өндірісі Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жобаның жалпы құны 18,9 млрд теңгені құрайды. Жобаның екінші кезеңінде цифрлық трансформаторларды өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар мұнда Орталық Азияда теңдесі жоқ электрлі сынақ зертханасы да құрылған. Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылған өндіріс орнында 220 адам жұмыспен қамтылады.

telemost 2

Жалпы ұлттық телекөпірге қатысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылы құны 9 710,7 млн теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылып, жаңа 635 жұмыс орны ашылды.
ЕХРО Конгресс-орталығында өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы іске қосылған 28 нысан жаңа экономиканың негізі екенін баса айтты.

Последнее изменение Четверг, 13 Декабрь 2018 08:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.