Парламент депутаттары Шымкент қаласының дәрежесін заңмен бекітті Избранное

Пятница, 28 Декабрь 2018 08:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3086 раз

Шымкенттің дәрежесі заңмен бекітілді. Сонымен қоса Түркістан облысының құрылуы мен оның әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру де заң жүзінде бекітілді.

ШЫМКЕНТ-1

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелері бойынша ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңын қабылдады. Сонымен қатар «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру туралы» өзгерістер топтамасын қабылдады.
Депутаттардың пленарлық отырысында бұған қоса жекелеген заңдардың жекелеген нормаларын әкімшілік-аумақтық өзгерістерге сай етуге бағытталған тиісті заң қабылданды. Бұл құжат бойынша 11 кодекс пен 40 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Нақты айтқанда Шымкент және Түркістан қалаларының салық мөлшерлемесін өзгерту бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілмек. Бұл өзгерістерді бірден емес, ауыспалы кезең арқылы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу ұсынылуда.

Шымкент-2

Заңды қабылдау халыққа мемлекеттік қызметтерді кедергісіз көрсетуді және үздіксіз әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды дейді заңды құрастырушылар. Соның нәтижесінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы мемлекеттік органдардың жұмысы жұмылған жүйеге келтірілмек.

Последнее изменение Пятница, 28 Декабрь 2018 08:50
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.