Мегаполиске – жаңа автобустар Избранное

Пятница, 04 Январь 2019 06:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2289 раз

Автобустар 4

Жаңа жыл қарсаңында Шымкент қаласына жаңа автобустар жеткізіліп, қаланың қоғамдық қызмет көрсету саласы 39 қоғамдық көлікпен толықты. Жаңа автобустар қаланың шалғай аймақтарына әлеуметтік маңызды бағыттармен жүреді деп күтілуде.

Алдағы уақытта көлік компаниялары жолаушыларды тасымалдау бойынша конкурсқа қатысуды жоспарлауда. Айта кетейік, бүгінде Шымкентте күнделікті 1151 автобус тұрғындарға қызмет көрсетеді. Оның басым бөлігі 7 жылдан бері бағыттарда жүр. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, 2018 жылы қалаға 41 жаңа автобустар әкелінген. Алдағы жылы басқа да көлік компаниялары жаңа автобустар алуды жоспарлауда. Осылайша шаһардағы қоғамдық көлік мәселесі рет-ретімен шешімін таппақ.
«Ютонг» маркалы бұл автобустар «Евро 5» санатына жатады. Сыйымдылығы жоғары, заманауи және қолайлы. Бұл компанияның автобустары бұған дейін де қала көшелерінде қатынауда. Осылайша «T-bus» пен «МАН - Оңтүстік» компаниясының өкілдері қаладағы жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын жақсартуға үлес қоспақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.