Шымкент қаласында автобустардың жолдағы қозғалысын көрсететін ShymQala мобильді қосымша іске қосылды. Бұл туралы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.
Мамандардың айтуынша, мобильді қосымша қала ішіндегі №141, 147, 147«А», 148«А», 148«Б», 102, 109, 118 және 26 бағыттарда пилоттық режимде енгізілген. Қосымшаны смартфонға интернеттен жүктеп алуға болады.
Телефон экранынан автобустар белгіленген карта шығады. Қажет бағытты таңдап, автобустың жолын ғана емес, қай жерде келе жатқанын да білуге болады. Бұл өз кезегінде аялдамада автобус күтуде септігін тигізеді дейді мамандар.
Қосымша әзірге Android құрылғылары үшін сынақ ретінде ұсынылған. Алдағы уақытта қызметі жаңартылып, іОS жүйесі үшін де нұсқасы әзірленеді.