Шымкенттегі ХҚО-да «Ашық есік күні» өтті

Суббота, 23 Февраль 2019 07:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2872 раз

IMG 7762

Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының ғимаратында ашық есік күні өтті.
Қызмет алушылар мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестері туралы қосымша ақпарат алды және бір уақытта электрондық үкімет порталын үйренудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.


Іс-шараға Шымкенттің және жақын маңдағы аудандардың тұрғындары жылжымайтын мүлік пен жер қатынастарына қатысты мәселелері, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы сұрақтар бойынша алғашқы мәліметтерді білу үшін келді.


«Ашық есік күні» барысында азаматтар мынадай сұрақтар қойды:
- зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алдын ала есептеу, 01.07.2018 ж. кейінгі базалық зейнетақы төлемдер, 01.01.2019 ж арттыру.
- жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы;
- әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы;
- еңбек өтілін жинақтау үшін мұрағаттық анықтамалар бойынша қосымша құжаттарды ұсыну туралы.

 

IMG 7794IMG 7818


Іс-шарада азаматтар актілерді дайындауға және шығаруға, жобаланған жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ жер учаскесінің шекарасын белгілеуге қатысты кеңес алды.
Жылжымайтын мүлікке қатысты азаматтар техникалық тексеріс және жылжымалы мүліктің кепілін тіркеуге қатысты ақпаратқа қызығушылық танытты.
Нормативтік құқықтық актілерге қатысты қойылған барлық сұрақтар түсіндірілді.

Ашық есік күнінде мемлекеттік қызметтерді алуға 100-ден астам адам өтініш білдірді. Филиал басшылығы атап өткендей, ашық есік күндерін үнемі өткізу дәстүрге айналған.


Мемлекеттік қызмет түрлерін алуға қатысты сұрақтар болса, Мәделі қожа көшесі, 1/16 ғимаратта орналасқан ХҚО филиалына келулеріңізге болады. Барлық өтініш назардан тыс қалмайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.