8 мың орындық мешіт салынуда Избранное

Среда, 27 Февраль 2019 03:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 603 раз

Сəулетті мешіт Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында бой көтеруде. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан мешіт кешенінде автокөлік паркингі, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.

52629663 1851156234996473 238328946435817472 o

8 мың адамға арналған мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда тағы 2200 жамағат намаз оқи алады. Әйелдерге арналған залдың сыйымдылығы – 930 адам.

Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер, фитнес орталық салынады. Құрылыстың жалпы көлемі – 12,0058 га. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Ал негізгі күмбездің биіктігі – 56 метр.

Құрылысшылардың айтуынша, қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен, жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген.

– Мешіт құрылысын «Мұнай құрылыс Сервис» ЖШС жүргізіп жатыр. Жалпы 380 құрылысшы екі ауысымда қызу жұмыс істеуде. Мешіт құрылысына отандық материалдарды пайдаланып жатырмыз, – дейді құрылыс алаңының учаске басшысы Максим Ткаченко.
Мәрмәр тастан қаланып жатқан жаңа мешіт бір жылдан соң қала тұрғындарының игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.