Шымкентте 10 тағам объектілерінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Четверг, 14 Март 2019 11:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 377 раз

2018 жылы ерекше тәртіппен және жоспардан тыс барлығы 301 тағам объектілері (тойхана, шайхана, кафе, ресторандар, кремдік кондитерлік өнімдер шығаратын, сүт өңдеу, ет өңдеу объектілері, наубайханалар, жұмсақ балмұздақ, лаваш, самса сататын орындар, жұмысшыларға арналған асханалар және т.б.) тексерілді. Оның ішінде 210 объектіде санитариялық талаптардың бұзылғандығы анықталды.

Негізінен келесі санитариялық талаптар бұзылған: медициналық тексеруден дер кезінде өтпеу, фортификацияланбаған ұнды пайдалану, өндірістік бақылаудың болмауы, кейбір азық-түліктердің сапасын және қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарының болмауы, залалсыздандыру заттары жеткілікті мөлшерде еместігі, арнайы жұмыс киімінің толық еместігі және басқа да кемшіліктер.    

Анықталған кемшіліктер бойынша 200-ден аса айыппұл салынды, кемшіліктерді жою туралы орындау мерзімі нақты көрсетілген 210 ұйғарымдар берілді, 20 талап арыз сотқа өткізіліп, сот шешімімен 10 объектіге айыппұл салынып, жұмысы уақытша тоқтатылды, 9 объектіге жұмысы тоқтатылмай айыппұл салынды, 1 объекті өз еркімен жұмысын тоқтатты. Медициналық байқаудан өтпеген 58 адам жұмыстан уақытша шеттетілді.

Сонымен қатар, Департамент және оның аумақтық басқармаларымен рұқсатсыз өз қызметтерін бастаған объектілер анықталып, олармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 146 объекті рұқсат құжаттарын рәсімдеді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңдылықтардың бұзылғандығы анықталған жағдайда, Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарласуларыңызға болатындығын ескертеміз.

Мекен жайымыз: Шымкент қаласы, Д. Қонаев даңғылы, 27. Байланыс телефоны: 8 (7252) 30-03-04; E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .

Последнее изменение Четверг, 14 Март 2019 11:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.