Версия для печати

Шымкент қаласының бюджеті нақтыланды Избранное

Среда, 03 Апрель 2019 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2719 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Үшінші мегаполис әкімдігінде алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы өтті. Оған мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова, депутаттар мен аудан әкімдері, жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты.

Жиында 31 мәселе қаралып, оның ішінде төрт басқарманың атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

2021

171,1 млрд теңге 181,4 млрд теңгеге көбеймек

Мәжілісте ең алдымен 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджеті нақтыланды. Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қала мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы биылға арналған бюджет көлемінің шешіміне өзгертулер енгізуді, яғни, 171,1 млрд теңгені 181,4 млрд теңгеге көбейтуді ұсынды.

Әкім орынбасарының мәліметіне сәйкес, қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталған.

Атап айтқанда қаражат тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегін қосымша қамтамасыз етуге, құрылысы бітпеген Тассай шағынауданы, Тәуке хан, Адырбеков көшелерін, Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының құрылысын жалғастыруға, Сыпырған ата құрылыстары мен Мангелдин көшесіндегі жерүсті өткелді толық орнатып аяқтауға қаралды.

Сондай-ақ, 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қараушысы жоқ қарияларға, жетім балаларға, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін азаматтарға арналған «Шапағат» және «Асыл жүрек» атты оңалту, сауықтыру орталықтарын құруға, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы республикалық ауруханада емделуге жылына 900 ересек пен 800 баланың жолақысын төлеуге, №2 аурухана мен перзентхананың күрделі жөндеу жұмыстарына, жер телімдерін мемлекеттік мұқтаждыққа алу үшін, жаңадан ашылған тексеру комиссиясының шығындарына, ескі қалашықтың археологиялық жұмыстарына, «Ордабасы» футбол қлубының шығындарына жұмсалады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, мемлекеттік қызметшілердің факторлы-балдық жүйе бойынша еңбекақысын төлеуге, әлеуметтік маңызы бар қоғамдық көліктердің бағытын субсидиялауға да қала бюджетінен қаржы берілмек.

Тұрғындардың тілегі назарға алынды

Сессияда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына қала әкімінің тапсырмасы бойынша өзгерістер енгізілді.

Енді 1 маусым балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі 5598 мүгедек балаларға 5 АЕК, ҚР Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан оқиғасына қатысқан 10 адамға 60 АЕК көлемінде ақшалай көмек беріледі.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін бір реттік қаржылай көмек 100 мың теңгеге көбейтілді. Одан бөлек, иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға 21 АЕК көлемінде төленеді.

Сонымен қатар, саяси құғын-сүргін құрбандары, одан зардап шеккендер, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға 400 АЕК көлемінде, ал отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда 100 АЕК тең қаржылай көмек көрсетіледі.

Бұрын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға шипажайда емделуге тегін жолдама берілсе, енді мәртебесі белгіленбеген зейнеткерлерге жолдаманың 50 пайызы қала бюджетінен төленеді.

Ал 80 жастан асқан қараушысы жоқ қарияларға төленетін жәрдемақының мөлшері 2 АЕК дейін өсті.

Сонымен қатар, мәжілісте Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Дене шынықтыру және спорт, Мәдениет және тілдерді дамыту, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының жетекшілері 2018 жылы және биылғы соңғы екі айда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы құрылып, оған мәслихат өкілі ретінде депутат Төреайым Сұлтанова тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес құрамына қосылды.

Жиында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру және «Құрмет» грамотасын беру туралы Ережелері де бекітілді. Енді жылына бір рет салтанатты түрде он адамға дейін «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы беріледі.

Бұл атаққа қаламызға айрықша еңбегі сіңген, оның ішінде экономиканы, әлеуметті саланы, ғылым мен білімді дамытуға және интелектуалды әлеуметті дамытуға үлес қосқан, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістігі бар, жұрттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін, шығармашылықта, бизнесте, спортта, қайырымдылық шараларында белсенділік танытып, жемісті жұмыс істеген азаматтар ие бола алады.

Атақты беру туралы шешімді Шымкент қаласы мәслихаты қабылдайды.