«7-20-25»: Шымкентте 24 үй салынуда Избранное

Среда, 03 Апрель 2019 03:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2798 раз

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Шымкентте «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуына қатысады.

СПК үйлері 2

Биыл жалпы ауданы 64 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бағдарламаға қатысу үшін «Shymkent» ӘКК» АҚ «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-нан 10 млрд теңге несие алды.

Алғашқы үй биылғы күзде дайын болады, ал үйдің әр шаршы метрінің бағасы 200 мыңнан 220 мың теңге аралығында болады.

Қазіргі уақытта Тұран шағынауданында жалпы ауданы 30 406 ш.м. 8 үй, ал Асар-2 шағынауданындағы жалпы ауданы 17 977 ш.м 10 үй салынуда.

Бұл үйлер 2019 жылдың қазан-қараша айларында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұға қоса Қаратау ауданында 6 үйдің құрылысы жүруде.

Бұған қоса биылғы мамыр айында Шымкентте «Бірыңғай сату орталығын» ашу жоспарланып отыр, кез келген азамат осы орталық арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға өтінім бере алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.