Версия для печати

Зауыттың өнім түрі 30-ға жетіп отыр Избранное

Среда, 10 Апрель 2019 04:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2695 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы «Зерде Керамика» зауытындағы өнім түрі көбейді. Қазақстан бойынша керамогранит өндіретін бірден-бір зауыттағы өнім түрі 6-дан 30-ға дейін жетіп отыр.

4545

Жуырда қала әкімінің орынбасарлары Д.Жумин мен Б.Мамыталиев кәсіпорынның жұмысымен танысуға арнайы барды. Өнімдері барлық европалық стандарттарға сәйкес келетін зауыт басшылығы жергілікті құрылыс компанияларының өкілдеріне өз өнімдерін таныстырды.

Қала әкімінің орынбасарлары зауыт мемлекеттің жалпы сұранысының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отырғанын айтып, салынып жатқан құрылысқа отандық өнімді қолдануға шақырды. Сонымен қатар қаладағы тұрғын үй құрылысында отандық құрылыс материалдарын пайдалану назарда екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Зерде Керамика» зауыты жылына 2 млн шаршы метр керамогранит тақтайшасын шығарады.

Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорында 140 адам жұмыспен қамтылған. Құрылымдарды араластырудан бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі желі толық автоматтандырылған.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.