Құтқарушыларға – жаңа көліктер Избранное

Среда, 10 Апрель 2019 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 348 раз

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері 17 қызметтік көлікпен толықты. №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жетекшілеріне автокөліктердің кілттерін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов табыстады.

көліктер

– Өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту, ең алдымен, халықтың тыныс-тіршілігін қорғауға бағытталған, қаланың әрбір азаматы апат орын алғанда өздерін қорғайтын қызметтің қажетті техникалары бар екеніне сенімді болуы тиіс. Биыл да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында қосымша қаржы қарастырылып, екінші кезеңде 35 арнайы өрт сөндіру техникасын сатып алу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әкімшілік-іскери орталығында ТЖ департаментінің әкімшілік ғимараты мен 4 автокөлікке арналған 1 өрт сөндіру депосын салуға да қаржы қарастырылған, - деді қала әкімі.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісовтің айтуынша, қазіргі таңда қаладағы 8 өрт сөндіру бекетінде 75 техника бар. Олардың жарамдылық мерізімі 20 жылды құрайды. Ескірген өрт сөндіру техникаларын жаңарту биыл екі кезеңде жүзеге асырылмақ.