Версия для печати

Қ.МОЛДАСЕЙІТОВ – ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ Избранное

Пятница, 12 Апрель 2019 04:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2512 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Белгілі кәсіпкер Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағалығына тағайындалды. Қайрат Молдасейітов, бұған қоса, «OtauGroup» холдингінің президенті және Венгрияның Шымкент қаласындағы құрметті консулы.

Молдасейітов

– Сіздің басқаруыңыздағы бизнес қаламыздың көркейіп, дамуында маңызды рөлге ие. Еңбек және қоғамдық қызмет жылдары ішінде сіз бизнес менеджментінде бай тәжірибе жинақтадыңыз.

Сіздің жетекшілігіңіздегі Өңірлік кеңес үшінші мегаполистегі бизнеске сүбелі қолдау көрсетеді деген сенімдемін, – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы 2018 жыл қазан айында құрылды. Өңірлік кеңес – өңірлік палатаның бақылаушы органы, оның құрамына кәсіпкерлік субъектілері, сонымен қатар қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері кіреді.

Өңірлік кеңестің мүшелері өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына атсалысып, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.