Шетелдік нарыққа Даңғыл жол

Пятница, 12 Апрель 2019 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 202 раз

Жергілікті кәсіпкерлер енді өз кәсіпорындарына шетелдік стандартты оңай енгізе алады. Ешқандай техникалық шектеулер болмауы тиіс – 11 сәуірден бастап ҚР «Стандарттау туралы» Заңы күшіне енбек.

WhatsApp Image 2019-04-09 at 14.03

Егер стандартыңыз болса, сіздің өніміңізді ешкім де рұқсатсыз қолдана алмайды.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев 100-ге жуық жергілікті кәсіпкерге «Стандарттау туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

– Бұл заң кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қабылданып отыр. Шетелдік стандарттарды өзінің ұйым стандартымен қатар қолдана алады. Техникалық шектеулер шешіледі.

Біз тек өзіміздің стандартымызбен шетелдік нарыққа шыға алмаймыз. Сондықтан барлық кәсіпкерлерді стандарт алуға шақырамын, - деді С.Бейсеев.

«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» бұдан былай Стандарттау Ұлттық ұйымы болып бекітілмек. СҰҰ кез келген кәсіпорынға барып, стандарттау туралы тегін семинар өткізіп, ақыл-кеңес беруге дайын екенін айта кеткіміз келеді.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.