Мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттырды

Пятница, 12 Апрель 2019 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2790 раз

2018 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында 2000-нан астам мемлекеттік қызметкер біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында оқытылды.

мем. басқару

Бұл туралы филиал директоры Анар Есенгельдина мәлімдеді.

– 2019 жылдың басынан филиалда өңірдік дамуды трансформациялау тақырыбында Шымкент қаласының 4 аудан әкімі біліктілік курсынан өтіп, өз жобаларын қорғаған, - дейді Анар Сатыбалдықызы.

Бүгінгі таңда филиал негізінде ҚР Президенті жанындағы МБА магистратура мен докторантура бойынша оқу бағдарламаларына түсуге ниет білдірген мемлекеттік қызметкерлерге арнайы ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, филиал мамандары қаланың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл аударады. Мысалы, қалалық жасөспірімдер үйіне қамқорлық жасап, 18-23 жастағы азаматтарға қосымша біліктілікті меңгеріп, шет тілін үйренеді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек туралы және басқа да өздеріне қажетті ақпаратты ала алады.

Айта кету керек, биыл ҚР Президенті жанындағы Мемлекетттік басқару академиясының құрылғанына 25 жыл толып отыр.

Мөлдір КЕНЖЕБАЙ

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2014 жылы аталған факультеттің магистратурасын бітірген. Бұған дейін «Болашақ-Жасар», «ALASH» ұлт патриоттары жалғасы»  басылымдарында, «Жас қазақ» ұлттық апталығында жұмыс істеген. 2016 жылдың қараша айынан бастап «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 

«Жастарға – Respect» қосымшасының редакторы.