Басты талап – жоғары сапа мен үйлесім Избранное

Среда, 17 Апрель 2019 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2804 раз

Қала әкімдігінде тұрғын үй құрылысының барысы, автомобиль жолдары, инфрақұрылым жүйелерін дамыту және аулаларды абаттандыру мәселелеріне байланысты мәжіліс өтті.

1518584714 dalanews-ontustyk02-1

Жиында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, энергетика және коммуналдық-шаруашылық, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшылары атқарылған жұмыстар мен басқа да бірқатар мәселелер жөнінде баяндады.

Жолдарды жөндеу, инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы – қала тұрғындарын толғандыратын басты мәселелер. Әлеуметтік желілерде күнделікті осы салалар бойынша пікірлер жазылып жатады.

– Өзіміздің стратегиялық жоспарлардан бөлек, күнделікті жұмысты қала тұрғындарын толғандыратын мәселелерді шешуден бастау қажет. Бұл – ең алдымен жолдардың құрылысы. Қаржыны да бірінші осы салаға бөлу керек.

Ең алдымен сапаға мән берілсін. Өз міндеттеріне салғырт қарайтын мердігерлерге шара қолданылады. Қажет болса лицензиясынан айырамыз. Инфрақұрылым жұмыстары жүргізілгеннен кейін шұңқырлар көмілмей қалып қойған көшелер әлі де бар.

Жұмысты дұрыс ұйымдастыру керек. Негізінен бірінші инфрақұрылымды өткізіп, одан кейін асфальт төселуі қажет. Ал тиісті мердігерлер 2 айдың ішінде бәрін қайта қалпына келтіруі керек, – деді қала әкімі.

57411784 2203774869935467 3362399689809854464 o

Қалада тұрғын үй құрылысына қатысты көптеген шағымдар айтылуда. Мегаполис қалада барлық жұмыстар жоғары стандарт бойынша атқарылуы тиіс.

Сондай-ақ, қала әкімі әлеуметтік желіде халықтың талап-тілектеріне дер кезінде жауап беруді, арыз-шағымдарды бақылап отыруды міндеттеді.

– Менің әлеуметтік желідегі парақшама кіріңіздер, ондағы комментарийлерді мұқият оқыңыздар, пікірлерде қала тұрғындарының өзекті шағымдары бар. Сұрақтарға нақты жауап беріңіздер.

Барлық басқарма басшылары әлеуметтік желіде халықпен тығыз жұмыс істеулері қажет, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

Тұрғын үй құрылысына – 26,7 млрд теңге

Бүгінде қалада 33 шақырымды құрайтын 11 магистралды көшеде қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, оған бюджеттен 2 014,0 млн. теңге қаржы бөлінген. 1 833, 0 млн теңгеге 1 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің және 5 көпірдің құрылыс және қайта құру жұмыстары атқарылуда.

Сондай-ақ, 3 842,0 млн теңгеге 169 шақырымды құрайтын 199 ішкі орам көшелерде құрылыс, қайта құру және орташа жөндеу жұмыстары басталған. 

Қала бойынша тұрғын үй құрылысына мемлекет тарапынан 26,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 2,0 млрд теңге; қалалық бюджеттен – 3,2 млрд теңге; «Бәйтерек» АҚ қаржысына – 11,5 млрд теңге; «Баспана» АҚ қаржысына – 10,0 млрд теңге.

Аталған мемлекеттік қаржыға және жеке инвесторлардың қаржысына 132 тұрғын үйдің (6513 пәтер, 578,2 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде.

Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 75, жеке салушылар есебінен – 49, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы – 8 тұрғын үй салынуда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, көпбалалы және жас отбасыларды баспанамен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қосымша 5,9 млрд. теңге бөлу қарастырылуда.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.