Nur Otan партиясы съезіне – 30 делегат Избранное

Пятница, 19 Апрель 2019 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3132 раз

Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясында 6 513 пәтерлі 132 көп қабатты үй салынуда. Бүгінде 540 пәтерлі 10 үй дайын, мамыр айында пайдалануға беріледі. Оның ішінде 177 пәтер көп балалы аналарға тиесілі.

DSC 9955

Жиынға қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ғ.Әбдірахымов, төрағаның бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев, саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, ауданнан сайланған делегаттар қатысты.

Қала әкімінің орынбасары «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары – «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобаларын жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.

– «Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша бүгінгі күнге 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 582 отбасының өтініші тіркелді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде, бүгінде «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді, - деді Г.Құрманбекова.

Жиында зейнеткер, партия ардагері Валерий Гордиенко, №49 мектеп директоры, көп балалы ана Сәуле Утебаева, қалалық №17 футболдан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ермек Дәрменов, жеке кәсіпкер Аятолла Азимов сөз сөйлеп, партиялық жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

DSC 9984

Қала әкімі, «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы Ғ. Әбдірахымов конференция жұмысының қорытындысында партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІX Съезіне делегаттар тізімі анықталып, Шымкент қаласынан 30 делегат сайланды. Делегация 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезіне қатысады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.