Құрылыс нысандарына – партиялық мониторинг Избранное

Пятница, 19 Апрель 2019 04:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3316 раз

«Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келіп, қаладағы құрылыс нысандарын аралады.

мониторинг

Жұмысшы топ «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында жаңадан салынып жатқан құрылыс сапасын бақылап, бөлінген қаржының жұмсалу барысына мониторинг жүргізді. Дәурен Бижұманов алдымен Бадам өзенінің үстінен салынып жатқан көпірдің құрылысымен танысты.

– Алматы – Шымкент – Өзбекстан бағытындағы ені 11 метрлік өткел бірнеше жылдан бері апатты деп танылған болатын. Көпір барлық стандарттарға сай салынады. Ені – 28 метр, 4 жолақты болады. Құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, - деді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев.

Партиялық бақылау қызметінің басшысы Шымкенттегі Сәуле шағынауданындағы №76 мектеп жанынан қосымша 300 орынды оқу корпусы, спорт зал, шеберхана және асхананың құрылысына тоқталып, құрылыс сапасымен танысты.
Құрылыс қарқынын көрген партиялық бақылау қызметінің басшысы қалада атқарылып отырған жұмыстарға оң бағасын берді.

– «Құтты мекен» жобасының мақсаты – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылау жүргізу. Біз Шымкент қаласына іс-сапар барысында құрылыс нысандарына бақылау жүргіздік. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы және құрылыс сапасына және мерзіміне мониторинг жасап, бұны халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде біз сапалы жолға, тұрғын үйге, коммуникацияға, өзге де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізетін боламыз, - деді Дәурен Бижұманов.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.